<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 154-VIII Заңы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және
дамуға ресми көмек мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал
ы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) кіріспе алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 1-бапта:

4) тармақшадағы «дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге» деген сөздер «шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) тармақша «дипломатиялық қызмет органдарында» деген сөздерден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасынан жолдама бойынша халықаралық ұйымдарда» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-баптармен толықтырылсын:

«2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары

Дипломатиялық қызмет саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу, сондай-ақ дипломатиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздерін айқындау осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.

2-2-бап. Дипломатиялық қызметтің негізгі қағидаттары

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) патриотизм;

3) Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау;

5) дипломатиялық қызмет персоналының кәсібилігі.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) 5-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«5-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының негізгі міндеттері»;

бірінші абзац «мынадай» деген сөзден кейін «негізгі» деген сөзбен толықтырылсын;

8-2) тармақшадағы «дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және (немесе) олардың өкілдіктерімен, сондай-ақ консулдық мекемелермен» деген сөздер «шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, халықаралық ұйымдармен және (немесе) олардың өкілдіктерімен, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) 6-бапта:

10), 11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

18) тармақшадағы «дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің» деген сөздер «шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

19), 23), 27-3), 27-4), 27-5), 27-6) және 27-7) тармақшалар алып тасталсын;

27-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«27-8) мыналарды:

шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін тіркеуді;

Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыскерлерін аккредиттеуді жүзеге асыру;»;

27-9) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 27-15) тармақшамен толықтырылсын:

«27-15) осы Заңның негізгі мақсаттарына, дипломатиялық қызмет органдарының негізгі міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дипломатиялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) 7-1-бапта:

8-тармақта:

1) тармақша «, сондай-ақ дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шараларды өз құзыреті шегінде қабылдайды» деген сөздермен толықтырылсын;

2), 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

9-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) 9-бапта:

3-тармақтағы «азаматтар алдын ала міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін» деген сөздер «арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4-1. Халықаралық ұйымға лауазымға тағайындалғанға дейін тікелей дипломатиялық қызметте болған дипломатиялық қызмет персоналы халықаралық ұйымдағы жұмысы аяқталғаннан кейін халықаралық ұйымдағы лауазымынан босатылған күннен бастап үш ай ішінде Сыртқы істер министрлігінде атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға конкурстық іріктеу жүргізілмей тағайындалады.

Осы тармақтың күші халықаралық ұйымға лауазымға тағайындалғанға дейін тікелей мемлекеттік саяси лауазымды атқарған адамдарға қолданылмайды.»;

6-тармақтағы «, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған» деген сөздер алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) 9-1-баптың 1-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) 11-баптың 1-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) 15-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Дипломатиялық қызмет органдарында дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау жүргізіледі.»;

4-тармақта:

бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасының бас консулдары үшін - төрт жылдан ұзақ емес;»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы бас консулдарының үздіксіз жұмыс мерзімдерін қызмет бабында қажеттілік болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ұзартуы мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардың үздіксіз жұмыс мерзімдерін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір жылдан аспауға тиіс.»;

7-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінде лауазымдарды атқаратын, Парламент Палаталарының халықаралық және парламентаралық ынтымақтастығын қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын, осы құрылымдық бөлімшелерде кемінде бес жыл үздіксіз жұмыс істеген адамдарға;»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) 15-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «, халықаралық» деген сөз алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) 18-баптың 1-тармағында:

1) тармақша «жұмыскерінің» деген сөзден кейін «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жауаптылығын қарастыру жағдайларын қоспағанда, оның» деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) шет мемлекет азаматтығының болуы;»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) 6-тараудың тақырыбы «, сондай-ақ дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қызмет көрсету» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) 24-бапта:

5-тармақтағы «заң актілеріне» деген сөздер «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын;

1-тармақтың 14) тармақшасының үшінші абзацы 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді

6-тармақтың үшінші бөлігі «ілеспе әрекеттер,» деген сөздерден кейін «көрсетілетін аударма қызметтері,» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) 25-баптың 8-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«29-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына ақшалай төлемдер

Дипломатиялық қызмет персоналының сирек кездесетін шет тілдерін білгені үшін, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін ақшалай төлемдерді, сондай-ақ өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай төлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде алуына құқығы бар.

Дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің дипломаттық дәрежесі үшін ақшалай төлемдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде алуына құқығы бар.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17) 32-1-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған лауазымды адамдар дипломатиялық қызмет персоналының осы Заңның 25, 28-баптарында көзделген және дипломаттық дәрежесі үшін төлемдерді, сондай-ақ өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай төлемін алу бөлігінде 29-бабында белгіленген ақшалай қамтымы, кепілдіктері мен өтемақылары мәселелерінде тиісті шет мемлекеттегі шетелдік мекеменің персоналына теңестіріледі.

2. Егер Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған лауазымды адамдардың халықаралық ұйымда ақшалай қамтымы, әлеуметтік, зейнетақымен және медициналық қамсыздандырылуы, сондай-ақ шет елде тұрғын үймен қамтамасыз етілуі тиісті шет мемлекеттегі шетелдік мекеменің персоналына қарағанда аз болған жағдайда, теңестірілген лауазым бойынша айырма бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

Егер халықаралық ұйымның құжаттарында жіберуші тараптың есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген жағдайда, теңестірілген лауазым бойынша ақшалай өтемақы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тармақтың 18) тармақша 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді

18) 6-тарау мынадай мазмұндағы 32-2-баппен толықтырылсын:

«32-2-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсету

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсетуді дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым жүзеге асырады.

Қызмет көрсету деп Қазақстан Республикасының аумағында болудың қолайлы және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер: ғимараттарға (үй-жайларға) кешенді қызмет көрсету және оларды жөндеу; автокөлікке қызмет көрсету үшін ғимараттарды жалға беруді қоса алғанда, бағдарламалық-ақпараттық және автокөліктік қызмет көрсету; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау; іс-шараларға қызмет көрсету және оларды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық және ілеспе әрекеттер, көрсетілетін аударма қызметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де әрекеттер түсініледі.».

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) кіріспе алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 1-бапта:

5-1) тармақша алып тасталсын;

6) тармақша «құжаттарда» деген сөзден кейін «(оның ішінде ноталар немесе хаттар алмасу нысанында)» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесі - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға, орындауға, өзгертуге, олардың қолданысын тоқтатуға және тоқтата тұруға байланысты жекелеген процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ халықаралық шарттарды есепке алуға және олардың орындалуын қамтамасыз етуді мониторингтеуге арналған бірыңғай электрондық жүйе;»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-баптармен толықтырылсын:

«1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеті

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға, орындауға, өзгертуге, олардың қолданысын тоқтатуға және тоқтата тұруға байланысты құқықтық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру тәртібін айқындау осы Заңның негізгі міндеті болып табылады.

1-2-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың, орындаудың, өзгертудің, олардың қолданысын тоқтатудың және тоқтата тұрудың негізгі қағидаттары

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына, сол халықаралық шарттың ережелеріне, Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес, сондай-ақ мынадай негізгі қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

1) заңдылық;

2) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескеру;

3) Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;

4) еркін келісу;

5) қабылданған міндеттемелерді міндетті түрде және адал орындау.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) 2-1-бап алып тасталсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) 2-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«2-2-бап. Халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саяси орындылығын айқындау

1. Халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасын қарау нәтижелері бойынша береді.

2. Орталық мемлекеттік орган халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бекіткен нысан бойынша әзірлейді.

3. Осы Заңның 3-бабында белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың жобаларын келісу және оларға сараптама жасау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы оң қорытынды бергеннен кейін жүргізіледі.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) 2-тарау мынадай мазмұндағы 2-3-баппен толықтырылсын:

«2-3-бап. Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесін пайдалану

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесін айқындайды.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) 3-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарына енгізілген» деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы «ғылыми» деген сөзден кейін «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 93-баптың 2-тармағы «немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіп берілген мемлекеттік мүлікке қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 94-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.».

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. «Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 6-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) 7-бапта:

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлейді және бекітеді;»;

2), 3), 4), 6), 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

«10-1) дамуға ресми көмектің мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дамуға ресми көмек саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;

2-тармақтың 2) тармақшасындағы «жобалық ұсыныстар» деген сөздер «дамуға ресми көмектің жобалық ұсыныстарын (бұдан әрі - жобалық ұсыныстар)» деген сөздермен ауыстырылсын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 14) тармақшасының үшінші абзацын, 18) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 10 қаңтар

№ 154-VIII ҚРЗ