Текелі қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 50-295 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Текелі қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичқа жүктелсін. 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2017 жылғы 3 наурыздағы № 13-79 шешімімен бекітілген қосымша
Текелі қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Текелі қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Текелі қалалық мәслихаты аппаратының, (бұдан әрі - мәслихат аппараты) қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) беріледі. 3. Тиісінше ресімделмеген, қолдану мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|