|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2024 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2038 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 72-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесінде: 3-тармақта: «Ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «Ветеринариялық-санитариялық бақылануға» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы «ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылануға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылануға» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшада «(бұдан әрі - уәкілетті органдар)» деген сөздер алып тасталсын; «Ветеринарлық және санитарлық» деген сөздер «Санитариялық» деген сөзбен ауыстырылсын; «ветеринария және», «ветеринарлық-санитарлық және» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын: «6-1. Ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесіне сәйкес жүргізіледі.»; 8-тармақтағы «тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган)» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының тиісті аумақтардағы және көліктегі аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімше)» деген сөздермен ауыстырылсын; 9, 11, 14, 15-тармақшалардағы «бөлімшеге немесе жергілікті атқарушы органға», «бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган» деген сөздер «аумақтық бөлімшеге», «аумақтық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақтағы «Бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган» деген сөздер «Аумақтық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақтағы «Уәкілетті органдар» деген сөздер «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 78-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесінде: 3-тармақтың 1) тармақшасында «ветеринарлық-санитарлық ережелер мен» деген сөздер «ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта «ветеринарлық қадағалау» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақта «ветеринарлық» деген сөз «ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін уәкілетті органдардың келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 8, 87-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін уәкілетті органдардың келісу ережесінде: 6-тармақтың 2) тармақшасында «, ветеринарлық куәлік» деген сөздер алып тасталсын; 10-тармақтағы «ветеринарлық» деген сөзден кейін «(ветеринариялық-санитариялық)» деген сөздермен толықтырылсын; «Ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «Ветеринариялық-санитариялық бақылануға» деген сөздермен ауыстырылсын; «ветеринарлық инспекторы» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық инспекторы» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. «Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 9, 92-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесінде: 12-тармақтағы «Ветеринарлық қадағалануға» деген сөздер «Ветеринариялық-санитариялық бақылануға» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 285 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 150-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру ережесінде: 2-тармақтағы «ветеринарлық» деген сөз «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын; «Ветеринарлық» деген сөз «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын; «ветеринарлық қадағалауға» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтағы «ветеринарлық» деген сөз «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтың 2) тармақшасындағы «ветеринарлық» деген сөз «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын; «ветеринарлық қадағалау» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтағы «ветеринарлық» деген сөз «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |