«Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары бекітілсін»; көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2019 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысымен бекiтiлген
Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мынадай: 1) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы; 2) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы; 3) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы; 4) «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы; 5) «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|