|
Солтүстік Қазақстан облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы (2023.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023.17.04. № 2/1 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтарданбастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 397 818 250,5 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 43 973 425 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 1 444 278,4 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 081 мың тенге; трансферттер түсімі – 352 397 466,1 мың теңге; 2) шығындар – 376 527 438,1 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 22 785 630,3 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 36 920 685,3 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 135 055 мың теңге; 4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 2 500 000 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 2 500 000 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 994 817,9 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 994 817,9 мың теңге: қарыздар түсімі – 26 939 474 мың теңге; қарыздарды өтеу – 34 053 339,7 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 11 108 683,6 мың теңге. 2. 2023 жылға арналған облыстық бюджет кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|