ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана, Ақорда, 2019 жылғы ақпанның26-і.
№ 862
Президентінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 862 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығында: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ережеде: 4, 7 және 19-тармақтар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.»; «7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.»; «19. Комиссия қазақстандық тараптан алты өкілден және шетелдік тараптан алты өкілден тұрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|