2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы (2023.27.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШТІ: Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023.26.04. № 2/14 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.26.07. № 6/55 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.11. № 9/75 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Осы шешімге қоса тіркелген 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет бекітілсін, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде: 1) кірістер - 20 218 188 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 8 733 304 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 175 212 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 122 448 мың теңге; трансферттер түсімі - 11 187 224 мың теңге; 2) шығындар - 20 851 944 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - - 6 310 мың теңге: бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 6 310 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - - 2 433 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 433 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 625 013 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 625 013 мың теңге: қарыздар түсімі - 357 815 мың теңге; қарыздарды өтеу - 34 307 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 301 505 мың теңге. 2. 2023 жылға арналған қалалық бюджет құрамында 3 920 486 мың теңге сомасында субвенциялар көзделгені ескерілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|