Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы (2022.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.24.07. № 67 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 74-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|