|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісім (Астана қ., 2017 жылғы 26 желтоқсанда)
2017 жылғы 26 желтоқсанда күшіне енді
2013 жылғы 18 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) мен Азия Даму Банкі (бұдан әрі - АДБ) - бұдан әрі «Тараптар» арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша (бұдан әрі - БТАБ) өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі - Меморандум), сондай-ақ 2015 жылғы 25 сәуірде қол қойылған Қосымша келісім арқылы Тараптар Меморандумға енгізген өзгерістер мен толықтыруларға сілтеме жасай отырып; және Тараптардың БТАБ қол жеткізген жетістікті күшейтуге және Меморандумға аталған Қосымша келісім негізінде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға өзінің даярлығын білдіргенін назарға ала отырып, Тараптар 2013 жылғы 18 маусымдағы Меморандумға және 2015 жылғы 25 сәуірдегі оған Қосымша келісімге мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізуге келісті: 1. Меморандумның кіріспесі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «БТАБ АДБ және Қазақстан Республикасы арасындағы 2017-2021 жылдарға арналған Елдік әріптестік стратегиясының ажырамайтын бөлігі болып табылады, оны 2017 жылғы 12 қыркүйекте АДБ Директорлар кеңесі мақұлдады және Үкімет келісті.»; 1.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1.2. БТАБ бес негізгі тақырыптық бағытты қамтитын болады: (і) жан-жақты өсу және экономиканы әртараптандыру; (іі) институционалдық және саяси даму; (ііі) өңірлік ынтымақтастық және интеграция; (iv) бәсекеге қабілеттілік пен тиімділікті арттыру және (v) тұрақты жасыл өсу.»; 2.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|