|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы (2023.08.06. берілген өзгерістермен)
2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады
2017 ж. 26 желтоқсандағы Қосымша келісіммен (бұр.ред.қара); 2023 ж. 8 маусымдағы Қосымша келісіммен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді Білім және көрсетілетін қызметтер инновациялық өнімдерінің, сондай-ақ табыс деңгейі орташа елдер тізіміне кіретін Қазақстан үшін дамудың озық тәжірибесімен алмасудың құндылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі (бұдан әрі - АДБ) Білім және тәжірибе алмасу бағдарламасы (бұдан әрі - БТАБ) бойынша бірлескен ынтымақтастықта өзара түсіністікке қол жеткізді. Осы меморандум Үкімет пен АДБ (бұдан әрі Тараптар деп аталады) арасындағы БТАБ, оның мақсаттары, ауқымы, ынтымақтастық бағыттары және уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша өзара түсіністікті айқындайды. БТАБ Қазақстан үшін АДБ-ның елдік әріптестік стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылатын болады.
1.1. БТАБ мақсаты Қазақстан мен АДБ арасында білім саласындағы әріптестікті озық білім, озық тәжірибе алмасуға назар аудара отырып тереңдету мен күшейту және инновацияларға ықпал ету және ел экономикасының тиімділігін арттыру мақсатында әлеуетін нығайту болып табылады. 2017 ж. 26 желтоқсандағы Қосымша келісіммен 1.2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1.2. БТАБ бес негізгі тақырыптық бағытты қамтитын болады: (і) жан-жақты өсу және экономиканы әртараптандыру; (іі) институционалдық және саяси даму; (ііі) өңірлік ынтымақтастық және интеграция; (iv) бәсекеге қабілеттілік пен тиімділікті арттыру және (v) тұрақты жасыл өсу.
2-бап. Бірлескен қызметтің бағыттары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|