|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы (2017.26.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады
Қол қойылған күннен бастап күшіне енді
2017 ж. 26 желтоқсандағы Қосымша келісіммен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Білім және көрсетілетін қызметтер инновациялық өнімдерінің, сондай-ақ табыс деңгейі орташа елдер тізіміне кіретін Қазақстан үшін дамудың озық тәжірибесімен алмасудың құндылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі (бұдан әрі - АДБ) Білім және тәжірибе алмасу бағдарламасы (бұдан әрі - БТАБ) бойынша бірлескен ынтымақтастықта өзара түсіністікке қол жеткізді. Осы меморандум Үкімет пен АДБ (бұдан әрі Тараптар деп аталады) арасындағы БТАБ, оның мақсаттары, ауқымы, ынтымақтастық бағыттары және уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша өзара түсіністікті айқындайды. БТАБ Қазақстан үшін АДБ-ның елдік әріптестік стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылатын болады. БТАБ АДБ және Қазақстан Республикасы арасындағы 2017-2021 жылдарға арналған Елдік әріптестік стратегиясының ажырамайтын бөлігі болып табылады, оны 2017 жылғы 12 қыркүйекте АДБ Директорлар кеңесі мақұлдады және Үкімет келісті.
1.1. БТАБ мақсаты Қазақстан мен АДБ арасында білім саласындағы әріптестікті озық білім, озық тәжірибе алмасуға назар аудара отырып тереңдету мен күшейту және инновацияларға ықпал ету және ел экономикасының тиімділігін арттыру мақсатында әлеуетін нығайту болып табылады. 2017 ж. 26 желтоқсандағы Қосымша келісіммен 1.2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|