|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісім (Астана қ. 2023 жыл 8 маусым)
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын 2013 жылғы 18 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) мен Азия Даму Банкі (бұдан әрі - АДБ) арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша (бұдан әрі - БТАБ) өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі - Меморандум), сондай-ақ 2015 жылғы 25 сәуірде, 2017 жылғы 26 желтоқсанда және 2019 жылғы 30 желтоқсанда қол қойылған қосымша келісімдер арқылы Тараптар Меморандумға енгізген өзгерістер мен толықтыруларға сілтеме жасай отырып; Тараптар Меморандумға (қосымша келісімдер редакцияларына) мынадай өзгерістер мен толықтыруларға келісті: 1. Меморандум кіріспесінің үшінші абзацы (2017 ж. 26 желтоқсандағы Қосымша келісімнің редакциясында) алып тасталсын; 3.10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3.10. 2013 - 2020 жылдары Тараптар жалпы мөлшері 5500000 АҚШ долларын бөліп, әлеуметтік-экономикалық зерттеулерді және жалпы мөлшері 2340000 АҚШ долларын бөліп, жобалар дайындауды тең үлестермен қаржыландырды. 2023 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңде Тараптар жалпы мөлшері 3000000 АҚШ долларын бөліп, әлеуметтік-экономикалық зерттеулерді тең үлестермен қаржыландырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|