Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруді (Jauynger.gov.kz) цифрландыру пилоттық жобасын ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі» (Jauynger.gov.kz) ақпараттық жүйесі арқылы азаматтарды қатардағы жауынгер және сержант құрамы лауазымына келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу және қабылдау алгоритмі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтап, пилоттық жобаны әдіснамалық және техникалық қолдауды, ақпараттық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін; 2) пилоттық жоба кезеңінде бағыт бойынша лауазымды адамдар үшін өтінімді қабылдаудың, өңдеудің және ол бойынша шешім қабылдаудың ішкі регламентін бекітсін; 3) әскери басқару органы мен әскери бөлімге кандидатты қабылдауды және оны жеке құрамның тізіміне қосуды ұйымдастыру бойынша тиісті нұсқау жіберсін; 4) өтінімді қабылдауды, өңдеуді және қорытындылауды осы бірлескен бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес регламент бойынша жүзеге асырсын; 5) дербес дерекке қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы дербес дерек субъектісінен немесе оның заңды өкілінен келісім алуды қамтамасыз етсін; 6) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен дербес дерекке қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисіне қол жеткізу туралы келісім жасасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|