«Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10616 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Өндіріс паспортын, өндіріс паспортының нысанын бекіту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өндіріс паспортының нысаны бекітілсін.»; осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген бекіту үшін мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|