Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» № 31 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» № 31 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Tabys Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Тамдыкөл» кең орынынан пайдалы қазбаларды барлау үшін Көптоғай ауылдық округі және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі аумағындағы жалпы көлемі 25335 га жер учаскелері нжер пайдаланушылардан алып қоймай, 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін»; 2) көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын 2. «Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді; 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 14 қазандағы № 187 қаулысына қосымша
Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «25» ақпандағы № 31 қаулысына қосымша
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|