Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 451 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Осы техникалық регламенттің қолданысына түсетін сүт және сүт өнімдерінің түрлері Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес осы техникалық регламентке қосымшада келтірілген.»; 7-тармақтың 3) тармақшасында «ветеринариялық куәліктің,» деген сөздер алынып тасталсын; осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын; 2. «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 336 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 181-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|