Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның құрамын және оның қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 839 бұйрығы (2022.30.06. берілген өзгерістермен)
1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 15-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-168/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21558 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 4 қарашада жарияланған) бекітілген Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру қағидаларының 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 2. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның қызметі туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі - Комиссияның жұмыс органы) болып белгіленсін. 3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|