Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы (2023.16.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.27.11. № 87 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.27.11. № 87 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін: 1) меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеуі; 2) жиынтық өтімді активтер көлемінің төмендеуі; 3) шығынды қызмет. 2. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидалары; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|