Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 7 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін. 2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы № 11-14 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3021, 2009 жылғы 3 наурыздағы «Орал өңірі» газетінде жарияланған) және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 1 маусымдағы № 10-16 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы № 11-14 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4827 тіркелген, 2017 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|