«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ішкі аудит департаментінің 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 560 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 238-НҚ бұйрығы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ішкі аудит департаментінің 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 560 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ішкі аудит департаментінің 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Ішкі аудит департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|