Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы (2021.08.06. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган; 2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; 3) кәсіпорын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|