«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
Осы бұйрықтың 6-тармағына сәйкес 2023 ж. 28 сәуірге дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске асырылсын. 2. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті пилоттық жобаны іске асыру мақсатында қағаз нысанға баламалы нұсқа ретінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті осы бірлескен бұйрықты облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|