2022 – 2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Осы редакция 2022 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. 2022 – 2024 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 12 052 492 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 8 813 762 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 136 039 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 187 907 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша – 2 914 784 мың теңге; 2) шығындар – 11 999 564 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 43 897 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 68 918 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 25 021 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 800 000 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 800 000 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 790 969 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 790 969 мың теңге; қарыздар түсімдері – 815 990 мың теңге; қарыздарды өтеу – 25 021 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге. 2. 2022 жылға арналған қалалық бюджеттен ауылдардың бюджеттеріне 504 491 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені ескерілсін, оның ішінде: Теңге ауылы – 134 423 мың теңге; Қызылсай ауылы – 141 254 мың теңге; Рахат ауылы – 112 701 мың теңге; Кендірлі ауылы – 116 113 мың теңге. 3. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/111 шешіміне 1 қосымша
2022 жылға арналған қалалық бюджет
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|