Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 шешімі
Осы редакция 2020 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін қосымша: дәрілік заттарды осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес; бейімделген емдік өнімдерді осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес; медициналық мақсаттағы бұйымдарды осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес берілсін. 2. Осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Даутбаев 2018 жылғы 23 мамыр
Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 шешіміне 1-қосымша
Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін қосымша берілетін дәрілік заттар
1. «Бозентан» препараты, таблетка, өкпенің артериялық гипертензиясымен ауыратын азаматтарға. 2. «Метотрексат» препараты, егуге арналған ерітінді, жүйелі склеродермиямен ауыратын азаматтарға. 3. «Тобрамицин» препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, жылауықты фиброзбен (муковисцидоз) ауыратын азаматтарға. 4. «Третиноин» препараты, капсула, онкологиямен ауыратын азаматтарға. 5. «Руксолитиниб» препараты, таблетка, ересектердегі созылмалы миелопролиферациялық аурумен ауыратын азаматтарға. 6. «Пирфенидон» препараты, капсула, идеопатиялық өкпенің фиброзымен ауыратын азаматтарға. 7. «Адалимумаб» препараты, тері астына енгізуге арналған ерітінді, ювенилдік идеопатиялық артритімен ауыратын азаматтарға. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|