ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.19.06. № 236 бұйрығымен (2023 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.01.08. № 287 бұйрығымен (2023 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-қосымша жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 2-қосымша
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (2024.18.03. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.29.02. № 82 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 18 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2) жер учаскесі - Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі - Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|