Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2024.08.04. берілген өзгерістермен)
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін. 2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2023 жылғы 14 маусымдағы № 4/43-VIII шешіміне 1-қосымша
Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер
1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/378-6с шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29 болып тіркелген): көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы»; кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.»; көрсетілген шешіммен бекітілген «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларында: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|