«Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 232-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу және жекелеген режимдік шектеулердің қолданысы алып тасталатын немесе тоқтатыла тұратын шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесін бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 120-бабына, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 6-тармағына және 55-бабының 4) және 13) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қоса беріліп отырған жекелеген режимдік шектеулердің қолданысы алып тасталатын немесе тоқтатыла тұратын шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесі бекітілсін.»; осы қаулыға қосымшаға сәйкес жекелеген режимдік шектеулердің қолданысы алып тасталатын немесе тоқтатыла тұратын шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесімен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 600 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|