«Сот сарапшысы өз қызметін жүзеге асыратын арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 310 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Сот сарапшысы өз қызметін жүзеге асыратын арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10286 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген сот сарапшысы өз қызметін жүзеге асыратын арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда: 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауға жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|