|
2025-2026 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы (2025.18.07. берілген толықтыруларымен)
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024 - 2025, 2025 - 2026, 2026 - 2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасына, сондай-ақ 2025 жылғы 6 мамырдағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу және орналастыру жөніндегі комиссия отырысының № 01/1 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2025 - 2026 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2 - қосымшаға сәйкес 2025-2026 оқу жылына арналған филиалдар мен шетелдік оқу орындарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін көрсете отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2025 - 2026 оқу жылына арналған педагогикалық білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін көрсете отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|