Қазақстан Республикасының Заңы
Кәсiптiк одақтар туралы (2017.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының кәсiподақтар туралы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның адамдардың жекелеген санаттары үшін қолданылу ерекшелiктерi 4-бап. Кәсiподақтар құру бостандығы 5-бап. Кәсiподақтарды құру мен оның қызметі қағидаттары 6-бап. Кәсiподақтардың халықаралық байланыстары 7-бап. Азаматтарды кәсiподақтарға мүше болу белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу 2-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ 10-бап. Кәсіподақты мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастыру және тарату 3-тарау. КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ 11-бап. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі 12-бап. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 15-бап. Бастауыш кәсіподақ ұйымы 4-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, КЕПIЛДIКТЕРI 16-бап. Кәсiподақтардың құқықтары 17-бап. Кәсiподақтардың міндеттері 18-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау 20-бап. Кәсiподақ мүшелерi құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру 24-бап. Мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын қалыптастыруға кәсiподақтардың қатысуы 25-бап. Кәсiподақтар қызметiнiң кепiлдiктерi 26-бап. Кәсіподақ органдарына сайланған және негізгі жұмысынан босатылмаған адамдарға кепілдіктер 5-тарау. КӘСIПОДАҚ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ МҮШЕЛІК КӘСIПОДАҚ ЖАРНАЛАРЫ 27-бап. Кәсіподақ органдарының өкiлеттiктерi 28-бап. Кәсiподақ органдарының қызметі үшін материалдық жағдайлар29-бап. Мүшелік кәсiподақ жарналары 6-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ МЕНШIГI, ОЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТI 30-бап. Кәсiподақтардың меншiгi 31-бап. Кәсiподақтардың өндiрiстiк және шаруашылық қызметi 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 32-бап. Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң азаматтардың бірлесу бостандығына, кәсіптік одақтарды құруға, олардың қызметіне, оларды қайта ұйымдастыруға және таратуға конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аумақтық кәсіподақтар бірлестігі - аудан, қала, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі кәсіподақтар бірлестігі; 2) әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер (қызметкерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған жүйесі; 3) бастауыш кәсіподақ ұйымы - кәсіподақтың тікелей ұйымдағы және осы ұйым қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұратын құрылымдық бөлімшесі; 4) жергілікті кәсіподақ - ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір немесе бірнеше ұйым қызметкерлерінің ерікті бірлестігі; 5) кәсіподақ мүшесі - кәсіподақтың құрамына кіруге ерікті түрде ниет білдірген және кірген оның жарғысын мойындайтын және сақтайтын, мүшелік кәсіподақ жарналарын төлейтін жеке тұлға; 6) кәсiптiк одақ (кәсіподақ) - Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек, өндірістік-кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшін ерiктi түрде құрылатын, тiркелген мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiк; 7) кәсіподақ органы - кәсіподақ жарғысына сәйкес құрылған басқарушы орган; 8) мүшелік ұйым - кәсіподақтар, қатысушылар ретінде кәсіподақтың, осы Заңда айқындалған тәртіппен әлеуметтік әріптестіктің тиісті деңгейінде олардың бірлестіктерінің құрамына кіретін, олардың жарғыларын мойындайтын және сақтайтын олардың бірлестіктері; 9) республикалық кәсіподақтар бірлестігі - облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі салалық кәсіподақтардың, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің бірлестігі; 10) салалық кәсіподақ - ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты қызметтің (экономикалық қызмет түрлерінің немесе кіші түрлерінің) бір саласы және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің, жергілікті кәсіподақтардың бірлестігі.
2-бап. Қазақстан Республикасының кәсiподақтар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның адамдардың жекелеген санаттары үшін қолданылу ерекшелiктерi 1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасынан тыс жерде iссапарда жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұратын және жұмыс iстейтiн шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мүшелік кәсiподақ жарналарын төлеуі Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең шарттарда жүргізіледі.
4-бап. Кәсiподақтар құру бостандығы 1. Кәсiподақтар өз мүшелерiнiң тең құқылығы негiзiнде құрылады. Бiр сала, ұйым шеңберiнде құрылатын кәсiподақтардың саны шектелмейді. 2. Барлық кәсiподақтарға тең құқықтық мүмкiндiктер берiледi. 3. Кәсiподақ құруға кедергi келтiруге, оның қызметiне қарсы іс-қимыл жасауға, сол сияқты оның істеріне заңсыз араласуға жол берілмейді.
5-бап. Кәсiподақтарды құру мен оның қызметі қағидаттары 1. Кәсiподақтар өндiрiстiк-салалық қағидат бойынша құрылады. 2. Кәсiподақтар жарғыларды, құрылымды өз бетінше әзірлейді және бекітеді, қызметтің басым бағыттарын айқындайды, кәсіподақ органдарын құрады, қызметті ұйымдастырады, жиналыстар, конференциялар, съездер және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған басқа да іс-шаралар өткізеді. 3. Кәсіподақтар өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен тәуелсіз болады, олардың бақылауында болмайды және оларға есеп бермейді. 4. Кәсіподақтар осы Заңда айқындалған тәртіппен кәсіподақтар бірлестіктерін құра алады.
6-бап. Кәсiподақтардың халықаралық байланыстары Кәсiподақтар жарғылық мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес шетелдік кәсiподақтармен және еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасауға, сондай-ақ ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасасуға құқылы.
7-бап. Азаматтарды кәсiподақтарға мүше болу белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу 1. Кәсiподақтарға мүше болу азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлетiн еңбек, әлеуметтiк-экономикалық, саяси, жеке құқықтары мен бостандықтарына қандай да бiр шектеу қоюға әкеп соқпайды. 2. Қызметкердің кәсiподаққа мүше болу, оған кiру немесе одан шығу себебi бойынша жұмысқа қабылдау, жұмыста жоғарылату кезінде кемсітуге, сондай-ақ жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға тыйым салынады. 3. Адамдарды кәсіподаққа кіруден қалыс қалуға, бір кәсіподақтан шығып, басқасына кіруге не өз бетінше кәсіподақты таратуға қорқытып немесе басқа да құқыққа сыйымсыз әрекеттермен мәжбүрлеп оларға ықпал жасауға тыйым салынады.
2-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
8-бап. Кәсіподақты құру 1. Кәсiподақ кемiнде он адамнан тұратын, өздерінің кәсіптік және өндірістік мүдделерінің ортақтығымен байланысты, жарғы бекiтiлетін және кәсіподақ органдары қалыптастырылатын құрылтай съезiн (конференцияны, жиналысты) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. 2. Мүшелiкке ие болу және одан айырылу шарттары мен тәртiбi кәсiподақтың жарғысында айқындалады. 3. Кәсiподақтың заңды тұлға ретiндегі құқық қабiлеттілігі мемлекеттік тiркелген кезден бастап пайда болады.
1) кәсіподақтың атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы мен мақсаттары; 2) жеке тұлғалардың, мүшелік ұйымдардың мүшелігі, кәсіподаққа (оның бірлестігіне) кіру, одан шығу, мүшеліктен айырылу шарттары мен тәртібі; 3) кәсіподақтың ұйымдық құрылымы; 4) кәсіподақ органдарын қалыптастыру тәртібі, оның құзыреті және өкілеттіктерінің мерзімдері; 5) кәсіподақ органдары есептілігінің және олардың қызметін бақылау тәртібі, мерзімдері; 6) кәсіподақтың және оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде әлеуметтік әріптестіктің және өзі мүшелік ұйымы болып табылатын кәсіподақтардың органдары қабылдайтын шешімдерді орындау міндеттілігі; 7) кәсіподақ мүлкін қалыптастыру көздері, кәсіподақтың мүлікті басқару жөніндегі құқықтары; 8) мүшелік кәсіподақ жарналарын төлеу және оларды бөлу тәртібі; 9) өз мүшелеріне ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беру тәртібі; 10) кәсіподақ жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі; 11) кәсіподақты қайта ұйымдастыру және тарату, кәсіподақ таратылған жағдайда мүліктің тағдыры туралы шешім қабылдау тәртібі көзделуге тиіс. 2. Жарғыда басқа кәсіподақтардағы мүшелікке қатысты шектеулер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер көзделуі мүмкін.
10-бап. Кәсіподақты мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастыру және тарату 1. Кәсіподақты мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Кәсіподақты мемлекеттiк тiркеу үшін қажеттi құжаттар тiркеушi органға кәсіподақтың құрылтай съезi (конференциясы, жиналысы) өткiзiлген күннен бастап екі айдан кешiктiрiлмей ұсынылады. 2. Республикалық, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық және жергілікті кәсіподақтар тiркелген күннен бастап алты ай өткенге дейін өздерін тіркеген органға осы Заңның 11-бабының 3-тармағында, 12-бабының 3-тармағында, 13-бабының 2 және 3-тармақтарында және 14-бабының 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті. 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.рд.қара) 3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды сақтамау республикалық, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің, салалық және жергілікті кәсіподақтардың оларды тіркеген органдар мәліметтері негізінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жергілікті атқарушы органдарының жүгінуі бойынша сот тәртібімен таратылуына алып келеді. 4. 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.рд.қара) 5. Кәсiподақты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
3-тарау. КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ
11-бап. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі 1. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі республикалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады. 2. Республикалық кәсіподақтар бірлестігін салалық кәсіподақтар коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрады. 3. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамының аумағында мүшелік ұйымдары болуға тиіс. 4. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі кәсіподақтар қызметінің құқықтық кепілдіктерін республикалық деңгейде қамтамасыз етуге, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау мәселелерінде мүшелік ұйымдардың әрекеттерін үйлестіруге жәрдемдеседі. 5. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары: 1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау; 2) өзінің мүшелік ұйымдары қызметінің негізгі бағыттарын, стратегиясын әзірлеу және айқындау; 3) әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдесу; 4) республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бас келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестіктің тарапы болып әрекет ету, келісім жобасын дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу; 5) әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысу; 6) шетелдік, халықаралық кәсіподақтар бірлестіктерімен және еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасау және мүшелік ұйымдардың олармен байланыстар орнатуына жәрдем көрсету; 7) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру. 6. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі өзінің мүшелік ұйымдары үшін кәсіподақтардың үлгілік жарғысын ұсынуға және бекітуге құқылы.
12-бап. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 1. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады. 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігін кәсіподақтар және (немесе) олардың бірлестіктері құрады. 3. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігі республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына мүшелік ұйым ретінде кіреді. Аудан, қала деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігі облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі тиісті аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына мүшелік ұйым ретінде кіреді. 4. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары: 1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау; 2) өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдесу; 3) өңірлік жұмыс берушілер бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен өңірлік келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет ету, келісім жобасын дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу; 4) әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның жұмысына қатысу; 5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1. Салалық кәсіподақ салалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады. 2. Салалық кәсіподақ сала және онымен сабақтас салалар қызметкерлері немесе сала және онымен сабақтас салалар ұйымдары жалпы санының кемінде жартысын біріктіруге немесе оның облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлiмшелерi, мүшелік ұйымдары болуға тиіс. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана аумағының жартысынан астамында құрылымдық бөлімшелері, мүшелік ұйымдары болған кезде салалық кәсіподақ құруға құқылы. 3. Салалық кәсіподақ республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына мүшелік ұйым ретінде кіреді. 4. Салалық кәсіподақтың негізгі функциялары: 1) өз мүшелерінің, мүшелік ұйымдарының еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау; 2) салалық деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдесу; 3) салалық жұмыс берушілер ұйымдарының өкілетті өкілдерімен және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен салалық келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет ету, келісім жобасын дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу; 4) әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысу; 5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру. 5. Салалық кәсіподақтың филиалдары мен өкілдіктері салалық кәсіподақтың атынан және оның өкілеттіктері шегінде қызметкерлердiң өңiрлiк деңгейде келіссөздер жүргізу жөніндегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
1. Жергілікті кәсіподақты ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір немесе бірнеше ұйымның қызметкерлері ерікті түрде құрады. 2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері ерікті түрде құратын жергілікті кәсіподақ экономикалық қызметтің бірнеше түрi (кiшi түрлері) ұйымдарының қызметкерлерін біріктіре алады. 3. Жергілікті кәсіподақ ұйым (ұйымдар) деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады. 4. Жергілікті кәсіподақ салалық кәсіподақтың құрамына мүшелік ұйым ретінде кіреді.
15-бап. Бастауыш кәсіподақ ұйымы 1. Бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымда құрылады, кемінде үш адамнан тұрады және заңды тұлға құрмай, жергілікті немесе салалық кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі және ұйым деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады. 2. Бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, оның қызметін тоқтату тәртібі, құқықтары мен міндеттері жергілікті немесе салалық кәсіподақ жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ережеде айқындалады.
4-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, КЕПIЛДIКТЕРI
16-бап. Кәсiподақтардың құқықтары 1) өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттiк органдармен өз өкілеттігі шегінде, жұмыс берушілермен, жекеше кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен), өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлердің өкілдері болуға; 2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қою беруге, медиация жүргізу кезінде, сотта, еңбек төрелігінде немесе төрелікте, мемлекеттік органдарда олардың мүдделерiнде әрекет етуге, оларға өзге де құқықтық көмек көрсетуге; 3) мемлекеттiк органдарға кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын, олар қабылдаған нормативтік құқықтық актiлердiң толық немесе iшiнара күшін жою не оларды өзгерту туралы өтiнiш жасауға; 4) мемлекеттiк органдардың кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын актiлерiне сотқа шағымдануға; 5) еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуға; 6) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысуға; 7) осы Заңға сәйкес өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға; 8) келіссөздер жүргізуге, келісімдер және ұжымдық шарттар жасасуға; 9) ақша қорларын қалыптастыруға; 2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрамында еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізу бойынша жұмыс берушімен бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыруға; 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде халықты жұмыспен қамту мәселері жөніндегі құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға; 12) келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтай отырып, қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерделеу және қолдану үшін кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына өз өкілдерін жіберуге; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ереуiлдер, бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыруға және өткiзуге; 14) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзатын, келісімдерде және ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындамайтын тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге; 15) баспа қызметiмен айналысуға, өз жұмысын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ұйымдарда да жария етуге; 16) кәсіподаққа меншік құқығында тиесілі мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге; 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 17) жарғылық мақсаттарға сәйкес өз мүшелерінің мүддесіне орай өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға; 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды 18) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасында, келiсiмдер мен ұжымдық шарттарда кәсiподақтардың өзге де құқықтары белгiленуi мүмкiн.
17-бап. Кәсiподақтардың міндеттері Кәсiподақтар: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жарғының ережелерін, кәсіподақ органдарының шешімдерін сақтауға; 2) ұжымдық шарт, салалық, өңірлік, бас келісімдер бойынша міндеттемелерді орындауға; 3) өкілеттіктер шегінде әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға; 4) кәсiподақ мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ереуiлдер, бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткiзу тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге; 5) кәсiподақтар мүшелері арасында олардың құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері бойынша сауаттылығын арттыру, еңбек дауларында келіссөздер жүргізе алуды дамыту және пәтуаға қол жеткізу жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуге; 6) қызметкерлердің ішкі еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібі қағидаларын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауына жәрдемдесуге; 2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының кәсiподақтар туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның адамдардың жекелеген санаттары үшін қолданылу ерекшелiктерi4-бап. Кәсiподақтар құру бостандығы5-бап. Кәсiподақтарды құру мен оның қызметі қағидаттары6-бап. Кәсiподақтардың халықаралық байланыстары7-бап. Азаматтарды кәсiподақтарға мүше болу белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу 2-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ8-бап. Кәсіподақты құру9-бап. Кәсіподақ жарғысы10-бап. Кәсіподақты мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастыру және тарату 3-тарау. КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ11-бап. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі12-бап. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі13-бап. Салалық кәсіподақ14-бап. Жергілікті кәсіподақ15-бап. Бастауыш кәсіподақ ұйымы 4-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, КЕПIЛДIКТЕРI16-бап. Кәсiподақтардың құқықтары17-бап. Кәсiподақтардың міндеттері18-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау19-бап. Кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде және ұйым деңгейінде әлеуметтік әріптестікке қатысуы және қабылданған шешімдердің орындалу мониторингі20-бап. Кәсiподақ мүшелерi құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру21-бап. Кәсiподақтардың талаптар қоюы, ереуiлдер, бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткiзу22-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызметті жүзеге асыру23-бап. Кәсiподақтардың ақша қорлары24-бап. Мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын қалыптастыруға кәсiподақтардың қатысуы25-бап. Кәсiподақтар қызметiнiң кепiлдiктерi26-бап. Кәсіподақ органдарына сайланған және негізгі жұмысынан босатылмаған адамдарға кепілдіктер 5-тарау. КӘСIПОДАҚ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ МҮШЕЛІК КӘСIПОДАҚ ЖАРНАЛАРЫ27-бап. Кәсіподақ органдарының өкiлеттiктерi28-бап. Кәсiподақ органдарының қызметі үшін материалдық жағдайлар29-бап. Мүшелік кәсiподақ жарналары 6-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ МЕНШIГI, ОЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТI7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |