Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 1 Қаулысы
Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік комиссия отырысының 2022 жылғы 13 қаңтардағы хаттамасына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу туралы» қаулысына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Солтүстік Қазақстан облысының аумағында карантиндік шектеу іс-шаралары туралы» Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 21 қаулысында:
1) 3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) оқуға рұқсат:
- Петропавл қ., аудан орталықтарының мектептері 600 оқушыға дейін - оқудың штаттық режимі;
- 600-ден астам оқушы - қашықтықтан оқыту форматы, ауыл мектептері - оқытудың штаттық форматы;
- 1-2 сыныптар оқытудың штаттық форматы және 3-5 сыныптар - мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша кезекші сыныптар (қашықтықтан оқыту форматы бар жерде);
- колледждер мен ЖОО-ның студенттерін оқыту - аралас оқыту форматы: барлық дәрістер икемді кесте бойынша онлайн:
Вакцинацияланған оқушылар мен толық вакцинация курсын аяқтаған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі.
- мектептен тыс білім беру ұйымдарында оқыту - штаттық режимде жеке сабақтар, топтық - 10 адамға дейін, балалар/ересектер үшін түзету орталықтарында - штаттық режимде 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар.
2) 1-қосымша әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) 3-тармақтың 16-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес критерийлер негізінде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері мынадай жұмыс режимі - сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына сағат 03.00-ге дейін
Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» статусы болған жағдайда (вакцинациялау, сынамаларды алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР болуы, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері болуы немесе соңғы 3 ай ішінде КВИ-мен ауырып жазылған адамдар) объектілердің жұмысына рұқсат етіледі
Осы тармақта көзделген «жасыл» статусының болуына қойылатын талаптар және жұмыс режимінің шектеулері облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль, автостанцияларға/автоөтпелерге, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларына, сондай-ақ осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Ашық» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне қолданылмайды;
4) 3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес, қауіпсіз «жасыл» статусы болған кезде «Ashyq» жобасына қатысушы әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің критерийлеріне сәйкес, қызметкерлерде және келушілерде «жасыл» статусы болған жағдайда (вакцинация, сынамаларды алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) жұмыс режимі бойынша шектеусіз жұмыс күндері және демалыс күндерінде қызметке рұқсат етілсін.
2. Ішкі саясат басқармасы:
1) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын (таратсын);
2) 2 күн ішінде БАҚ мен әлеуметтік желілер арқылы қабылданған қосымша шаралар туралы халықты жаппай ақпараттандырсын;
3) өзгеріп отырған жағдайды ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы 2022 жылғы 15 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | Ә. Жұматаев |
Солтүстік Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 14 қаңтардағы
№ 1 қаулысына
1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 21 қаулысына
1-қосымша
«Ashyq» жобасына қатыспайтын, әлеуметтік-экономикалық объектілердің
жұмысын шектеу критерийлері
№ | Объектілер/салалар | Сары аймақ |
1. | Өнеркәсіп | Рұқсат беріледі |
2. | Құрылыс (үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда) | Рұқсат беріледі |
3. | Егіншілік пен балық шаруашылығы, мал шаруашылығы | Рұқсат беріледі |
4. | Байланыссыз қызметтер (көлік жуу, автокөлік, тұрмыстық техника, сағаттар, телефондар, компьютерлер, аяқ киім жөндеу, тігін ательелері, кір жуатын орындар, химиялық тазалау, кілттер жасау, тұрмыстық үй принципі бойынша қызмет көрсету және т.б.) | Рұқсат беріледі |
5. | Туристік компаниялар, бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтерлік және консультациялық қызметтер, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) | Рұқсат беріледі |
6. | Гүл дүкендері, фотосалондар | Рұқсат беріледі |
7. | Медицина ұйымдары, дәріханалар | Рұқсат беріледі |
8. | Мұражайлар, кітапханалар | Рұқсат беріледі |
9. | Азық-түлік тауарларының сауда объектілері | Рұқсат беріледі |
10. | Азық-түлік емес тауарларының сауда объектілері | Рұқсат беріледі |
11. | Балаларды түзету бөлмелері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары | Рұқсат беріледі штаттық режимде жеке сабақтар, топтық - 10 адамға дейін, балалар/ересектер үшін түзету орталықтарында - штаттық режимде 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар. |
12. | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері, косметологиялық қызметтер (алдын ала жазылу бойынша) | Рұқсат беріледі |
13. | Халыққа тұрғын үй қызметтерін ұсыну саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторлық-курорттық ұйымдар, демалыс үйлер / орталықтары, туристік орталықтар және т.б.) | Рұқсат беріледі |
14. | Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) | Рұқсат беріледі |
15. | Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) | Рұқсат беріледі |
16. | Медициналық орталықтар, кеңселер, стоматология (алдын ала жазылу бойынша) | Рұқсат беріледі алдын ала жазылу бойынша |
17. | Қоғамдық көлік | Рұқсат беріледі (қарбалас уақытта автобустар санының артуы, барлық есіктердің ашылуы, отыру орындарының саны бойынша толтырылуы) |
18. | Банктер, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері | Рұқсат беріледі |
19. | Мектепке дейінгі мекемелер | Рұқсат беріледі топтарды біріктіре іс-шараларға тыйым салынған |
20. | Ұйымдар, офистар | Рұқсат беріледі 50% - қашықтан режимі; 50% - күндізгі режим Қызметкерлері COVID-19-қа қарсы вакцинациялау жасаған ұйымдар, кеңселер, қашықтықтан және толық жұмыс күнінде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық мөлшерлемесіне қойылатын талаптарды ескермей, іс-шаралар жүргізеді. Сонымен бірге, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған және соңғы 3 айда COVID-19-дан айыққан барлық қызметкерлерге толық жұмыс күнінде рұқсат етіледі. |
21. | Діни объектілер | Рұқсат беріледі толымдығы 30% аспайтын, 1 келушіге 4 ш.м. кем емес |
22. | Мейрамхана, дәмхана және кофейня типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайларда) | Рұқсат беріледі 7-ден 24.00 сағатқа дейін жұмыс істеуге, толымдығы 50% дейін, бірақ 50 орыннан аспайды |
23. | Асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері | Тәулік бойы рұқсат беріледі |
24. | Стрит-фудтар (бос тұрған шатыр / дүкеншік/ дүңгіршек / отыратын орын жоқ дүңгіршек) | Рұқсат беріледі |
25. | Моншалар, сауналар | Рұқсат беріледі |
26. | СПА-орталықтар, бассейндер | Рұқсат беріледі |
27. | Қалааралық / облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы | Рұқсат беріледі |
28. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес орталықтары | Рұқсат беріледі |
29. | COCO, сауда үйлері | Рұқсат беріледі |
30. | Мәдени нысандар (дайындық) | Рұқсат беріледі 30 адамға дейін |
31. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары | Рұқсат беріледі толымдығы 20% аспайтын |
32. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдау | Рұқсат беріледі 15 адамнан аспайтын, толымдығы 75% |
33. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдау | Рұқсат беріледі (15 адамнан аспайтын, толымдығы 75%) |
34. | Бильярд орындары | Тыйым салу |
35. | Компьютер клубтары | Тыйым салу |
36. | Боулинг | Тыйым салу |
37. | Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар), аквапарк | Тыйым салу |
38. | Көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізу | Рұқсат беріледі толымдығы 15% аспайтын |
39. | Еске алу шараларын өткізу | Тыйым салу |
40. | Банкет залдары | Тыйым салу |
41. | Түнгі клубтар, караоке | Тыйым салу |
42. | Әсерлі, бұқаралық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, отбасылық, еске алу шаралары (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), соның ішінде үйде және көптеген адамдармен басқа да іс-шаралар | Тыйым салу |
43. | Көрмелер | Тыйым салу |
44. | Лотерей клубтары, букмекер кеңселері | Тыйым салу |
45. | Мерекелік корпоративтер | Тыйым салу |
Солтүстік Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 14 қаңтардағы
№ 1 қаулысына
2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 21 қаулысына
2-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын, әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын
шектеу критерийлері
№ | Объектілер/салалар | Сары аймақ |
1. | Мейрамхана, дәмхана және кофейня типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайларда) * | Рұқсат беріледі толымдығы 50% дейін, бірақ 60 орыннан аспайды |
Асхана типі бойынша (үй-жайларда) алкоголь ішімдіктерін сатпай, қоғамдық тамақтану объектілері | Рұқсат беріледі (тәуліктік) |
Банкет залдары (еске алу шараларын өткізу) | Рұқсат беріледі толымдығы 30% аспайтын, бір адамға 4 ш.м. кем емес алаң қамтамасыз етілгенде, бірақ 50 адамнан аспайды |
Банкет залдары (мейрамхана және дәмхана типі бойынша қызмет көрсету) | Рұқсат беріледі толымдығы 50% дейін, бірақ 60 орыннан аспайды |
2. | СПА-орталықтар | Рұқсат беріледі |
3. | Мәдени нысандар (дайындық) | Рұқсат беріледі 50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен екпе алған тұлғалар |
4. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар | Рұқсат беріледі толымдығы 40% аспаған жағдайда |
5. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдау | Рұқсат беріледі толымдығы 75% аспайтын, бірақ 25 адамнан аспайды |
6. | Облысаралық және облысіші тұрақты тасымалдау | Рұқсат беріледі |
7. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдау | Рұқсат беріледі толымдығы 75% аспайтын, бірақ 25 адамнан аспайды |
8. | Бильярд орындары | Рұқсат беріледі толымдығы 50% аспайтын |
9. | Компьютер клубтары, PlayStation клубтарын қоса | Рұқсат беріледі толымдығы 50% аспайтын, тек 12 жасқа толған және жастан асқан тұлғаларға |
10. | Боулинг | Рұқсат беріледі толымдығы 50% аспайтын |
11. | Еріктілер (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар) | жеңілдіксіз |
12. | Лотерей клубтары және лотерейлер сататын басқа орындар | Рұқсат беріледі бір адамға 4 ш.м. кем емес алаң қамтамасыз етілгенде, бірақ 50 адамнан аспайды |
13. | Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары (жабық) 1000 ш.м. дейін алаңы барды қоса | Рұқсат беріледі бір адамға кемінде 10 ш. м. аумақты қамтамасыз ету, бірақ 50 адамнан аспайды |
Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары (жабық) 1000 ш.м. асатын алаңы бар | Рұқсат беріледі бір адамға кемінде 10 шаршы метр аумақты қамтамасыз ету, бірақ 100 адамнан аспайды |
14. | Отельдер, қонақүйлер | Рұқсат беріледі |
15. | Әуежайлар | Рұқсат беріледі |
16. | Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен мен теңіз порттары, автостанциялар, автокөлік өткелдері, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері | Рұқсат беріледі |
17. | ХҚКО | Рұқсат беріледі |
18. | Сауда алаңы 100 ш.м. дейін қоса алғанда сауда желілері (азық-түлік емес) | Рұқсат беріледі |
19. | Базарлар (жабық) | Рұқсат беріледі |
20. | Букмекерлік кеңселер | Рұқсат беріледі бір адамға 4 ш.м. кем емес алаң қамтамасыз етілгенде, бірақ 50 адамнан аспайды |
21. | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызметтер (алдын ала жазылу бойынша) | Рұқсат беріледі |
22. | Білім беру объектілері, ЖОО-ры, колледждер, білім беру орталықтары (қызметкерлерге (персоналға), 18 жастан асқан тұлғаларға) | - Петропавл қ., аудан орталықтарының мектептері 600 оқушыға дейін - оқудың штаттық режимі; - 600-ден астам оқушы - қашықтықтан оқыту форматы, ауыл мектептері - оқытудың штаттық форматы; - 1-2 сыныптар оқытудың штаттық форматы және 3-5 сыныптар - мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша кезекші сыныптар (қашықтықтан оқыту форматы бар жерде); - колледждер мен ЖОО-ның студенттерін оқыту - аралас оқыту форматы: барлық дәрістер икемді кесте бойынша онлайн: Вакцинацияланған оқушылар мен толық вакцинация курсын аяқтаған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі. - мектептен тыс білім беру ұйымдарында оқыту - штаттық режимде жеке сабақтар, топтық - 10 адамға дейін, балалар/ересектер үшін түзету орталықтарында - штаттық режимде 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар. |
23. | Банктер, ХҚКО, «Қазпошта» ОҚ бөлімшелері | Рұқсат беріледі |
Солтүстік Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 14 қаңтардағы
№ 1 қаулысына
3-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 21 қаулысына
3-қосымша
«Ашық» жобасына қатысатын, «жасыл статус» болған кездегі, әлеуметтік-
экономикалық объектілер қызметінің критерийлері
№ | Объектілер/салалар | Сары аймақ |
1. | Әсерлі, отбасылық, еске алу шаралары (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) | Рұқсат беріледі толымдығы 50% дейін, 70 орыннан аспайтын |
2. | Әсерлі, форумдар, конференциялар, және көп адамдар жиналатын басқа іс-шаралар | Рұқсат беріледі толымдығы 50% дейін, 70 орыннан аспайтын |
3. | Көрмелер | Рұқсат беріледі толымдығы 70% аспайтын, бір уақытта 300 келушіден аспайтын |
4. | Көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізу | Рұқсат беріледі толымдығы70% аспайтын |
5. | Спорт-кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары (дайындықтар) | Рұқсат беріледі толымдығы 30% аспайтын |
6. | Діни объектілер (жабық кеңістіктерде ұжымдық қызметтерді өткізу) | Рұқсат беріледі толымдығы 30% аспайтын |
7. | Түнгі клубтар | Рұқсат беріледі толымдығы 50% дейін, 70 орыннан аспайтын |
8. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар | Рұқсат беріледі толымдығы 70% аспайтын |
9. | Компьютер клубтары, PlayStation клубтарын қоса | Рұқсат беріледі толымдығы 70% аспайтын |
10. | Мәдени нысандар (дайындық) | Рұқсат беріледі |
11. | Караоке | Рұқсат беріледі толымдығы 50% дейін, 70 орыннан аспайтын |
12. | Сауда алаңы 100 ш.м. астам сауда желілері (азық-түлік емес) | Рұқсат беріледі |
13. | Сауда алаңы 6000 ш.м. астам сауда желілері (азық-түлік) | Рұқсат беріледі |
14. | Сауна, моншалар | Рұқсат беріледі |
15. | Бассейндер | Рұқсат беріледі |
16. | Спорт сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтары, йога-орталықтары | Рұқсат беріледі |