|
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Үкіметінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 632 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) - бұл ұзақмерзімді (5 жылдан астам) және ортамерзімді (бір жылдан бастап 5 жылды қамтитын кезеңге дейін) кезеңдерге арналған құжаттардан, қатысушылардан, процестер мен деректерді басқару қағидаттары мен элементтерінен тұратын өзара байланысты компоненттер кешені. Мемлекеттік жоспарлау әлеуметтік-экономикалық даму, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту және ресурстарды оңтайлы бөлу бойынша нәтижелерге қол жеткізу және міндеттерді шешу шараларын, тәсілдерін қалыптастыру қызметін қамтиды. 2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі қағидаттары: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|