Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы (2020.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 187-бабының 2-тармағына, 189-бабының 6-тармағына, 190-бабының 1, 4, 12-тармақтарына және 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы хабарламаның нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісінің нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінің нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актінің нысаны; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы қорытындысының нысаны; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жазатайым оқиғаны көргендер мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдардан сұрау хаттамасының нысаны; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және өндірісте денсаулығына келтірілген өзге де зақымдарды тіркеу журналының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті осы бұйрықты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарына жеткізсін және оның мүлтіксіз орындалуы бойынша қажетті шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|