2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Осы редакция 2021 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 524 918 523,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 40 959 325,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3 252 314,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 480 706 884,0 мың теңге; 2) шығындар - 526 842 459,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - -13 889 643,0 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 4 989 466,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 18 879 109,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 480 000,0 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 480 000,0 мың теңге; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 11 485 707,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 11 485 707,0 мың теңге: қарыздар түсімі - 4 027 726,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 15 513 433,0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0,0 мың теңге. 2. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне берілетін субвенциялар көлемi 77 460 248,0 мың теңге, соның ішінде:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|