ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.24.07. № 324 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына 4-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.21.01. № 25 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген) бекітілген «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі - веб-портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) сертификаты болып табылады.
2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-әрекеттің) басталуына негіз Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттар тізбесін (бұдан әрі - құжаттар тізбесі) ұсынуы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|