Осы редакция 2015 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 17-қосымша
«Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсе немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі - Салық төлеушінің кабинеті) арқылы; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін барынша жол берілетін күту уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты - 20 (жиырма) минут; 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: 1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша резиденттігін растайтын құжатты беру; 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттының 10-тармағында көрсетілген жағдайда және негізде қызмет берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауабы болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағазда. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі қағаз тасығышта ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|