Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшері бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшері бекітілсін. 2. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.А.Мыңбаева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 199 қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшері
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|