Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағы 51-5) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізуді реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 51-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жабайы жануарлардың мемлекеттік есебін ұйымдастыру мен жүргізу шарттарын белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|