«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 49-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы (бұдан әрі - ұлттық жоба) бекітілсін. 2. «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдары объектілерінің нысаналы құрылысы жөніндегі дирекция ретінде айқындалсын. 3. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша): 1) ұлттық жобаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 2) ай сайынғы негізде ұлттық жобаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне ұсынып тұрсын. 4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ұлттық жоба шеңберіндегі жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы уақтылы жүргізуді қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесіп орта білім беру ұйымдарының педагогтерін даярлау және қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 6. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұлттық жобаны үйлестіруді, мониторингілеуді және әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін. 7. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) орта білім беру ұйымдарының объектілерін салу үшін жер учаскелерімен; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|