«Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың хаттамалары мен нұсқамаларының нысандарын, сондай-ақ оларды жасау мен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 8/624 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың хаттамалары мен нұсқамаларының нысандарын, сондай-ақ оларды жасау мен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 8/624 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9061 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 79 (28303) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Хаттамалары мен нұсқамаларының нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару Қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; Көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|