Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының 32-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушыларды шетелге жіберу үшін студенттер санын бөлу жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін. 2. Жоспар іс-шараларын іске асыруға қатысатын жоғары оқу орындарының ректорлары осы бұйрықтың тиісінше орындалуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – Орталық) (А.Ж. Құлтұманова) тоқсан сайын келесі тоқсанның 1-ші күніне бюджеттік қаражатты игерудің тиімділігі, бағдарламаны іске асырудың нәтижелілігі туралы ақпарат ұсынсын. 3. Орталық игерілген қаражатты меңгеру мен жұмыс тиімділігіне үнемі мониторинг жүргізіп, мониторинг нәтижелерін тиісті талдау анықтамасымен рәсімдеп тоқсан сайын келесі тоқсанның 5-ші күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауына ұсынсын. 4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына қосымша
Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін орын санын бөлу
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|