Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында және интранет-порталында орналастыруға жататын ақпараттар тізбесін бекіту туралы (2021.08.06. берілген өзгерістермен)
Мемлекеттік органдардың арасында құжат айналымды қысқарту, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Әділет министрлігінің мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында және интранет-порталында орналастыруға жататын ақпараттар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Әділет министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары немесе оларды алмастыратын тұлғалар Тізбеде көзделген ақпаратты мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында және интранет-порталының (бұдан әрі - МОИП) «Құжаттар кітапханасы» модулінде уақытылы орналастырсын және өзектілендірсін. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттік қызметті мониторингтеу және ішкі әкімшілендіру департаменті осы бұйрықты Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Әділет министрінің 2018.19.12. № 1596 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.12.12. № 598 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 91 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тізбе жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1452 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттікоргандардың интернет-ресурсында және интранет-порталында орналастыруға жататын ақпараттар тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|