Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 842 бұйрығы (2023.02.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 44-бабының 3-бөлігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 22-тармағы 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 784 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 842 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) басшылығы өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
1-бөлім. Министр
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|