Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидаларын және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидалары; 2) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 672 қаулысымен бекітілген
Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және конкурстың қорытындысы бойынша тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын (бұдан әрі - бірыңғай оператор) айқындау тәртібін белгілейді. 2. Пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер: 1) деректерді беру желісі - деректерді беру арналарымен және коммутациялық құрылғылармен (желі тораптарымен) байланысты шеткі құрылғылардан (терминалдардан) тұратын және барлық шеткі құрылғылар арасында ақпараттық хабарламалармен алмасуға арналған жүйе; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|