Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) «Орман өрттері туралы есеп» (индексі 1 өрт (орман), кезеңділігі онкүндік) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) «Орман өрттері туралы есеп» (индексі 1 өрт (орман), кезеңділігі онкүндік) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) «Ағаш кесу, орманға күтім жасау шаралары, сүрек босату, шырын ағызу және жанама орман пайдалану бойынша есеп» (индексі 3 (жылдық), кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 4) «Ағаш кесу, орманға күтім жасау шаралары, сүрек босату, шырын ағызу және жанама орман пайдалану бойынша есеп» (индексі 3 (жылдық), кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|