Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Қарағанды аумақтық кіші жүйесі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына сәйкес аумақтағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жетілдіру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері: 1) Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бөлімшелерімен келісім бойынша осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйелері туралы өңірлік ережені әзірлесін және бекітсін; 2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйелерінің қызметіне тұрақты басшылықты жүзеге асырсын. 3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 07/02 «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың облыстық аумақтық кіші жүйесі туралы» қаулысының күші жойылсын. 4. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 5. «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Қарағанды аумақтық кіші жүйесі туралы» қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Келісілді «ҚР ТЖМ Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ бастығы ____________ М. Қ. Қатпанов ________________ 2024 ж. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|