ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-баптың 1) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді 1) бүкіл мәтін бойынша «мүгедектерді», «мүгедектердің», «мүгедектер», «Мүгедектердің», «мүгедек» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдар», «Мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адам» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-баптың 2) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді 2) 50-баптың екінші бөлігіндегі «1 және 2-топтағы мүгедектерге» деген сөздер «бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 53-1-баптың бірінші абзацындағы «436-бабының бірінші бөлігінде,» деген сөздер алып тасталсын; 4) 54-баптың бірінші бөлігіндегі «436,» деген цифрлар алып тасталсын; 5) 83-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына» деген сөздер «Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 191-бап алып тасталсын; 7) 233-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «233-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану, мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен және ескертпемен толықтырылсын: «4. Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі - лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Ескертпе. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адам деп қарыздар есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаны немесе институционалдық жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысын түсінген жөн.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|