Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|