Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, VII шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті II сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Е. Барлыбайұлы). 3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 15 наурыздағы № 27-VII шешіміне қосымша
Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы тізбесі
1) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 56-VI «Атырау қаласы және Атырау қаласы маңындағы елді мекендердің аумақтарында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3700 тіркелген, 2016 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі; 2) Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 57-VI «Индер ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3697 тіркелген, 2016 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|