Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының жекелеген бөлімшелерінің және оның аумақтық филиалдарының микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 49 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппараты бөлімшелерінің және оның аумақтық филиалдарының микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша уақытылы және тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 29-тармағын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының жекелеген бөлімшелерінің және оның аумақтық филиалдарының микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппараты бөлімшелерінің және оның аумақтық филиалдарының микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 229 бұйрығының күші жойылсын. 3. Осы бұйрық қабылданған күнінен бастап күшіне енеді. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктерді қадағалау департаменті (О.Т. Қизатов): 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап жеті күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және оның аумақтық филиалдарына жіберсін; 2) Тәртіпті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|